• Басты бет
  • /
  • "Кешен шеңберіндегі эксперименттік алаңдардың қызметі" республикалық семинар-практикумы
"Кешен шеңберіндегі эксперименттік алаңдардың қызметі" республикалық семинар-практикумы

Бүгін, 17 сәуірде мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі Астана қаласының Әдістемелік кабинетінің қолдауымен «Кешен аясындағы эксперименттік алаңдардың қызметі» атты республикалық семинар-практикумға қатысты. Семинарда «Global scholars» халықаралық зерттеу аясында Астана қаласындағы № 46 мектеп-бақшасының жетекші мұғалімдерінің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік туды. «PASCH» жобасы - «Болашақтың серіктес мектептері», «Қоқысты сұрыптау және балаларға арналған тұйық цикл экономикасы», «4К негізгі құзыреттерін қалыптастыру тәсілі ретінде геймификация», «Jugend debattiert- оқушылардың тілдік құзыреттерін арттыруға арналған білім беру технологиясы» сияқты эксперименттік алаңдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері қаралды.Осы бағыттар шеңберінде тілдерді дамыту мен білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудің өзекті мәселелері қаралды. Әріптестеріміздің оң тәжірибесін зерделеу барысында біз өзіміз үшін мектепті дамытудың негізгі жолдарын айқындадық.